ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛАҒАН КҮН
Т.Рысқұлов ауданында Отбасы күніне орай 7 отбасыға көмек көрсетіліп, ата-аналар мен балаларға сыйлықтар табысталды.
Отбасы күні қарсаңында «Әділет» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының төрағасы Қ. Арыстанбеков пен Әйелдер қанатының үйлестіруші жетекшісі Шолпан Дайрабаева бастаған мүшелер 7 отбасыға арнайы барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жалғызбасты ата-аналарға азық-түлік себеттері, ал балаларға қажетті сыйлықтар табысталды.
Кейде үлкен қолдау – үлкен істен емес, бір отбасының есігін қағып, халін сұраудан, балаға қуаныш сыйлаудан басталады.
Әр отбасыға амандық, әр балаға бақыт тілейміз!
Отбасы күні құтты болсын! Береке мен мейірім әр шаңырақтан табылсын!





