«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалы Әйелдер қанатына жаңа жетекші тағайындалды
Саяси Бюро кеңесінің шешімімен Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалы Әйелдер қанатының жетекшісі болып бекітілді. Жаңа жетекші өңірдегі әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыруға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалы Әйелдер қанатының жаңа жетекшісі тағайындалды.
«Әділет» партиясы Саяси Бюросы кеңесінің шешімімен Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалы Әйелдер қанатының жетекшісі болып бекітілді.
Гүлниса Досанқызы Тұрымшақова – педагогика ғылымдарының магистрі, Талдықорған қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы білім беру саласының «Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
Гүлниса Досанқызы еңбек жолын мектепке дейінгі білім беру саласында бастап, Талдықорған қаласындағы бірқатар балабақшаларда әдіскер, әдіскер-инспектор бастап қазіргі таңда меңгеруші қызметтерін атқаруда. Білім беру саласында мол тәжірибе жинақтап, педагогика бағытында кәсіби біліктілігін шыңдаған.
Қазіргі таңда Гүлниса Досанқызы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыруға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және өңірдің қоғамдық өміріне өз үлесін қосып келеді.