Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 7 октября, 2026 область Ұлытау

Әйел денсаулығы – отбасы амандығының негізі

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында сүт безі обырының алдын алуға арналған республикалық айлық аясында орталық емханада ашық есік күні өтті. Іс-шараны «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы мен партия филиалы жанындағы Әйелдер қанаты өткізді.

Әйел денсаулығы – отбасы амандығының негізі

Әйел денсаулығы – отбасы амандығының негізі
⠀
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында сүт безі обырының алдын алуға арналған республикалық айлық аясында орталық емханада ашық есік күні өтті. Іс-шараны «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы мен партия филиалы жанындағы Әйелдер қанаты өткізді.

Ашық есік күні барысында әйелдер денсаулығына қатысты бірқатар маманның қабылдауы ұйымдастырылды. Атап айтқанда, гинеколог, маммолог, хирург және басқа да бейінді дәрігерлер әйелдерге медициналық кеңес беріп, қажетті тексерулер жүргізді.

Мамандар әйелдерге денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың, аурудың алдын алудың және скринингтік тексерулерден белгіленген мерзімде өтіп тұрудың маңыздылығын түсіндірді. Әсіресе сүт безі обырын ерте анықтау ауруды дер кезінде емдеуге мүмкіндік беретін маңызды факторлардың бірі екені айтылды.
⠀
«Әйелдің денсаулығы – тек оның жеке мәселесі емес. Ананың дені сау болуы – отбасының берекесі мен балаларының болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір әйел өз денсаулығына уақыт бөліп, профилактикалық тексерулерден тұрақты өтіп тұруы қажет. Ауруды ерте анықтау – оның алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі», - деді «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Әйелдер денсаулығын нығайтуға және отбасы институтын қолдауға жәрдемдесу» бағыты бойынша үйлестірушісі Ләззат Ранова.

Ашық есік күніне 200-ге жуық әйел келді. Іс-шара барысында қатысушылар дәрігерлерден кеңес алып, әйелдер денсаулығына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Мұндай бастамалар әйелдердің медициналық сауаттылығын арттырып, аурулардың алдын алуға және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.https://www.facebook.com/share/19zq13ZHP4/?mibextid=wwXIfrhttps://www.instagram.com/reel/DeL8sw6tuUl/?stkn=cW1uYjJzeW9pdDl3

6ac646cc0605b.jpg
6ac646cbdadcf.jpg
6ac646cc87211.jpg
Теги
Поддержка женского политического лидерства и организация гендерной экспертизы законопроектов Женщины против насилия Содействие развитию инклюзивного общества Содействие функционированию института психологической службы Женщины в экономике: труд, бизнес, результат Содействие развитию женщин на селе и обеспечению их финансовой грамотности Содействие укреплению женского здоровья и института семьи Содействие обеспечению цифрового равенства в обществе Женщины в науке Международное партнерство и лучшие практики для женщин

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 ноября, 2025

«Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш»: Ұлытау облысында әйелдер форумы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты Жезқазған қаласында «Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш» атты форум...

5 мая, 2026

Әйелдер қанатының қатысуымен «Цифрлы педагог: жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану» кездесуі өтті

Жезқазғанда өткен білім беру саласындағы кездесуде Әйелдер қанатының қатысуымен жасанды интеллектті оқыту үдер...

3 июня, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мая, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...