Бүгін Ақтау қаласында Каспий өңіріндегі БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) бастамалары бойынша алдын ала консультациялық кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау, экожүйелерді тұрақты басқару, айналмалы экономиканы дамыту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ теңізді қоқыс пен пластикпен ластанудың алдын алуға бағытталған жобалардың негізгі басымдықтарын талқылау.
https://www.facebook.com/share/p/19JTC1qDKQ/?mibextid=wwXIfr
Бүгін Ақтау қаласында Каспий өңіріндегі БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) бастамалары бойынша алдын ала консультациялық кездесу өтті. Іс-шара барысында БҰҰДБ-ның Каспий өңіріндегі жобалар портфелі таныстырылып, өңірлік және ұлттық мүдделі тараптардың институционалдық рөлі, өзара іс-қимыл тетіктері және жүзеге асырылып жатқан бастамалар арасындағы синергия мүмкіндіктері қаралды.
Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары мен қала, аудан мәслихаттарының төрағалары, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КЕАҚ, Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы, Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы, «Қазгидромет» РМК өңірлік бөлімшесі, ғылыми-білім беру ұйымдары мен экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін бірлесіп шешу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және өңірдегі экологиялық жобаларды үйлестіру бағыттары бойынша пікір алмасылды.
Аталған кездесу 2026 жылғы қыркүйекте өтетін БҰҰДБ жобаларының ресми басталу жөніндегі кездесуге дайындықтың маңызды кезеңі болды.
Тараптар алдағы кезеңдегі бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындап, Каспий экожүйесін қорғау және тұрақты дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге уағдаласты.