Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие обеспечению цифрового... 17 июня, 2026 Жамбылская область

«Бүгінгі аттестат – өткен жолдың жемісі, ертеңгі жеңістердің бастауы.»

Түлектердің аттестат алуы

«Бүгінгі аттестат – өткен жолдың жемісі, ертеңгі жеңістердің бастауы.»

«AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі ретінде бүгін Сарыбарақ ауылындағы Сарыбарақ орта мектебінде өткен аттестат тапсыру салтанатына қатысып, түлектердің жүрек толқытар қуанышына куә болдым.

Бұл күн – жай ғана аттестат алатын сәт емес. Бұл – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірдің жаңа белесіне қадам басатын тағылымды, ерекше күн. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгінде арманы асқақ, мақсаты айқын жас азаматтарға айналып отыр.

Сонымен қатар, округіміздегі Тегістік ауылындағы Ә. Жанқұлиев орта мектебі мен Шахан ауылындағы М. Әуезов атындағы орта мектептерде де түлектерге аттестат табысталып, қуанышты сәттер орын алды. 

6a328946d44fc.jpg
6a3289468f574.jpg
6a328946c6f9b.jpg

Ұлы Абай атамыз: «Ғылым таппай мақтанба» десе, Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек» деп, білім мен еңбектің өмірдегі орнын айқындап берген. Расында да, бүгінгі жетістік – ертеңгі үлкен жеңістердің бастауы.

Қадірлі түлектер! Алдарыңызда тағы бір маңызды сын – Ұлттық бірыңғай тестілеу. Бұл – білім мен еңбектің таразыға түсетін сәті. Өз күштеріңізге сеніп, табандылық танытсаңыздар, арман еткен оқу орындарыңыздың есігі айқара ашылады деп сенемін.

Ел болашағы – білімді жастардың қолында. Сондықтан қайда жүрсеңіздер де туған жердің абыройын асқақтатып, адал еңбек пен білімді серік етіңіздер.

Бала тәрбиесі мен білім беру жолында аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымына және әрдайым қолдау көрсеткен ата-аналарға шынайы ризашылығымды білдіремін. 

6a3289689406e.jpg

Ақ жол, жас түлектер! Болашақтарыңыз жарқын, жолдарыңыз ашық болсын! 

6a32898131c1a.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 июня, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мая, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

5 мая, 2026

Цифрлық әлемге қадам: «MEDIANA» IT компаниясы және «MANGYSTAU.HUB» стартаптар мен технологиялар алаңында жастарға арналған экскурсия

«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «MEDIANA» IT компаниясымен бірлесіп, «MANGYSTAU.HUB» алаңында...

23 мая, 2026

Вместе создаём зелёное будущее Караганды

Женское крыло партии «AMANAT» приняло участие в экологической акции в рамках программы «Таза Қазақстан». На те...