Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Көлік және логистика салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасында өткен Көлік және логистика салалық кеңесінің отырысында саладағы түйткілді мәселелер мен бункерлік отынмен ластануға қатысты конвенцияны ратификациялау жайы талқыланды.
Жиынға Палата директоры және де әйелдер қанатының мүшесі Аққу Айтжанова, Салалық кеңес төрағасы Дмитрий Донских, әйелдер қанатының мүшесі Раушан Аймурзаева, сондай-ақ Тимур Шарафи, Ольга Раваева, Светлана Джулдасова, Маржан Тілемісова және онлайн форматта Ақтау халықаралық әуежайының басшысы Меруерт Жолдыбаева қатысты.
Отырыстың негізгі өзегі — көлік және логистика саласындағы проблемалық мәселелерді анықтау болды. Атап айтқанда, теңіздің бункерлік отынмен ластануынан келтірілген залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы конвенцияны ратификациялауға қатысты Реестрдегі проблемалық мәселе бойынша негіздемелік анықтама дайындау мәселесі жан-жақты сөз болды.
Кездесу соңында кәсіпкерлер өз ұсыныстарын ортаға салып, көтерілген түйткілдер бойынша өзара пікір алмасты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.