Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 1 октября, 2026 область Ұлытау

«Үш ұрпақ – ортақ мұрат»: Ұлытау облысында Қарттар күніне орай бірқатар іс-шара өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі аясында Ұлытау облысында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге бағытталған бірқатар іс-шара өтті. Мерекелік шаралар «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы мен Әйелдер қанатының қолдауымен ұйымдастырылып, қариялардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға арналды.

«Үш ұрпақ –  ортақ мұрат»:  Ұлытау облысында Қарттар күніне орай бірқатар іс-шара өтті

«Үш ұрпақ –  ортақ мұрат»:
Ұлытау облысында Қарттар күніне орай бірқатар іс-шара өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі аясында Ұлытау облысында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге бағытталған бірқатар іс-шара өтті. Мерекелік шаралар «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы мен Әйелдер қанатының қолдауымен ұйымдастырылып, қариялардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға арналды.

Халықаралық қарттар күні – елдің өсіп-өркендеуіне өз еңбегімен үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттайтын ерекше күн. Осыған орай фестиваль аясындағы шаралар Ұлытау облысының бірнеше елді мекенінде ұйымдастырылды.

Облыс орталығында «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы ғимаратында партия филиалының басшысы Ақжол Құрмансейіттің қатысуымен «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел!» атты мерекелік іс-шара өтті. Жылы жүздесуге Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев, қалалық мәслихат төрағасы Раушан Капарова, Ұлытау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қазамбаев, Жезқазған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бимұрат Жұмашев, Ұлытау облысының ардагерлері, әжелер, белсенді қариялар мен аға буын өкілдері қатысты. Кездесу барысында қарияларға құрмет көрсетіліп, олардың ел дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық өмірдегі белсенділігі атап өтілді.

Шара барысында партияның жобалары мен бастамаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысып, қоғамдық жұмыстарға қолдау көрсетіп жүрген бірқатар азаматқа «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының басшысы Ақжол Құрмансейіттің атынан алғыс хат табысталды.
«Қариялар – халқымыздың асыл қазынасы, рухани тірегі. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен елге сіңірген еңбектеріңіз – кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі де осы сабақтастықты нығайтып, үлкен мен жастың арасындағы байланысты арттыруға бағытталған маңызды бастама», - деп атап өтті Ақжол Құрмансейіт.

▫️Фестиваль аясында Ұлытау ауданында ардагерлер арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық шараның басты мақсаты – қарттардың белсенді өмір салтын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Спорт додасына қатысқан ардагерлер өзара бақ сынасып, зияткерлік қабілеттерін көрсетті. Мұндай шаралар аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді араласуына, денсаулығына көңіл бөлуіне және өзара байланысты нығайтуына мүмкіндік береді.

▫️Сәтбаев қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында да Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Оған орталықтың тұрақты келушілері мен белсенді қариялар қатысты. Кездесу барысында салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты күту, белсенділікті сақтау және қоғамдық ортаға араласудың маңызы сөз болды. Қатысушылар мерекелік көңіл күймен бас қосып, өзара әңгімелесіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында қариялардың белсенді әрі мазмұнды өмір сүруіне мүмкіндік беретін бастамалардың маңызы атап өтілді.

▫️Фестиваль аясындағы шаралар Жәйрем кентінде де жалғасты. Партия филиалының басшысы Ақжол Құрмансейіт партияның Қаражал қалалық филиалының басшысы Гүлмира Исинамен ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, қарияларға құрмет көрсетті. Ұйымдастырушылар үлкендердің жағдайын сұрап, оларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу барысында ардагерлердің өмір жолы, еңбек тәжірибесі және елді мекеннің дамуына қосқан үлесі жайлы әңгімелер айтылды.

Ұлытау облысында Қарттар күніне орай ең төменгі зейнетақы алатын 6 199 зейнеткерге 20 000 теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілді. 1000-ға жуық қарияға азық-түлік себеттері жеткізілді.https://www.instagram.com/reel/Dd8ZMpkt_09/?stkn=aDgzdDVsNGV0a3l0 https://www.facebook.com/share/p/1BgrBC7z9R/?mibextid=wwXIfr

6ac48b9e966b1.jpg
6ac48b9d31868.jpg
6ac48b9c52e73.jpg
6ac48b9d701bd.jpg
6ac48ba14b17e.jpg
6ac48ba5597e4.jpg
6ac48ba6292ac.jpg
6ac48ba7cb2bb.jpg
6ac48ba9153cf.jpg
6ac48baf9d994.jpg
6ac48baa47d54.jpg
6ac48bab3a06f.jpg
6ac48ba54a3e3.jpg
6ac48ba32033e.jpg
6ac48ba463a04.jpg
6ac48ba67b533.jpg
Теги
Поддержка женского политического лидерства и организация гендерной экспертизы законопроектов Женщины против насилия Содействие развитию инклюзивного общества Содействие функционированию института психологической службы Женщины в экономике: труд, бизнес, результат Содействие развитию женщин на селе и обеспечению их финансовой грамотности Содействие укреплению женского здоровья и института семьи Содействие обеспечению цифрового равенства в обществе Женщины в науке Международное партнерство и лучшие практики для женщин

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 ноября, 2025

«Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш»: Ұлытау облысында әйелдер форумы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты Жезқазған қаласында «Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш» атты форум...

5 мая, 2026

Әйелдер қанатының қатысуымен «Цифрлы педагог: жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану» кездесуі өтті

Жезқазғанда өткен білім беру саласындағы кездесуде Әйелдер қанатының қатысуымен жасанды интеллектті оқыту үдер...

3 июня, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мая, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...