Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 5 октября, 2026 область Ұлытау

Ұстаздармен ашық диалог: білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының және филиал жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ұстаз айтса» республикалық диалог алаңы аясында облыс ұстаздарымен кездесу өтті.

Ұстаздармен ашық диалог: білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Ұстаздармен ашық диалог: білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының және филиал жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ұстаз айтса» республикалық диалог алаңы аясында облыс ұстаздарымен кездесу өтті.

Кездесуге «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының басшысы Ақжол Құрмансейіт, партияның Әйелдер қанатының мүшелері, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Маратбек Төребеков, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі және Жезқазған қаласының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Нұрия Жұмажанова,  білім саласына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздар мен  жас мамандар қатысты.

Іс-шара барысында Ақжол Құрмансейіт ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы айрықша рөлін атап өтті. Сонымен қатар бірқатар ұстаз партия қатарына қабылданып, белсенді азаматтарға арнайы марапаттар табысталды.

«Партиямыздың қатарында білім саласының білікті мамандары, ұстаздар қауымы көптеп шоғырланған. Бұл – ұстаздардың ел болашағына деген жауапкершілігінің, қоғамдық өмірге белсенді араласуының айқын көрінісі. Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, қоғамның дамуына бағыт-бағдар беретін тұлға. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!»-деді ол.

Еркін пікір алмасу, диалог форматында өткен іс-шарада ұстаздар білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді ортаға салып, мектептердегі қазіргі ахуал, мұғалімдердің еңбек жағдайы, жас мамандарды қолдау, білім сапасын арттыру және саладағы басқа да маңызды мәселелер жөніндегі ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ардагер ұстаздар өздерінің мол тәжірибесімен бөліссе, жас педагогтар бүгінгі білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар мен заманауи талаптар туралы ойларын ортаға салды.

Кездесу соңында ұстаздар қауымына партия тарапынан сый-сияпат жасалды. https://youtu.be/eZenlXbGVNs?si=rRp-9bAlEX4Q45kwhttps://www.instagram.com/reel/DeGlxPXt3_n/?stkn=MWtiY2szOWo2YjBvcQ==https://www.facebook.com/share/r/14vXnesTuZu/?mibextid=wwXIfrhttps://www.facebook.com/share/1DREH8fi8R/?mibextid=wwXIfr 

6ac4881564b9d.jpg
6ac4881425341.jpg
6ac48814e016e.jpg
6ac48815c0dfd.jpg
6ac4881425086.jpg
6ac4881425338.jpg
6ac4881504893.jpg
6ac488150f34b.jpg
6ac488159ec21.jpg
6ac48815a5da5.jpg
6ac488161b5f2.jpg
6ac4881613bf5.jpg
Теги
Поддержка женского политического лидерства и организация гендерной экспертизы законопроектов Женщины против насилия Содействие развитию инклюзивного общества Содействие функционированию института психологической службы Женщины в экономике: труд, бизнес, результат Содействие развитию женщин на селе и обеспечению их финансовой грамотности Содействие укреплению женского здоровья и института семьи Содействие обеспечению цифрового равенства в обществе Женщины в науке Международное партнерство и лучшие практики для женщин

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 ноября, 2025

«Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш»: Ұлытау облысында әйелдер форумы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты Жезқазған қаласында «Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш» атты форум...

5 мая, 2026

Әйелдер қанатының қатысуымен «Цифрлы педагог: жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану» кездесуі өтті

Жезқазғанда өткен білім беру саласындағы кездесуде Әйелдер қанатының қатысуымен жасанды интеллектті оқыту үдер...

3 июня, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мая, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...