ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ
Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарға арнайы құрмет көрсетті. Шара барысында партия төрағасының орынбасары Нұрбек Қарасаев пен Әйелдер қанатының жетекшісі Пания Сармурзина ардагерлерге Алғыс хаттар табыстап, ерен еңбектері үшін шынайы алғыстарын білдірді. Бұл – ел болашағын тәрбиелеп жүрген қадірлі жандарға көрсетілген зор құрмет пен тағзымның белгісі.
Ұстаз – ұлттың ұлы мұратын ұрпақ санасына сіңіріп, білім мен тәрбиенің шамын жағатын қасиетті тұлға. Ұстаз еңбегі – өлшеусіз, оның шәкірт жүрегіне қалдырған ізі – мәңгілік.
Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы тарапынан арнайы құрмет көрсету шарасы ұйымдастырылды.
Шараға «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қарасаев Нұрбек Қарасаев және партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Сармурзина Пания Оңалбайқызы қатысып, білім саласында саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетті.
Шара барысында ардагер ұстаздарға Алғыс хаттар табысталып, еңбегі еленген ұстаздар марапатталды.
Бұл – бір күндік құрмет қана емес, талай буынға білім беріп, ел болашағын тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарға деген шынайы алғыс пен тағзымның белгісі.
Ұстаздың абыройы – елдің абыройы. Себебі бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат.
Ардагер ұстаздарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектерінің жемісін көруді тілейміз!
Ұстазға құрмет – ұрпаққа құрмет. Ұстазға тағзым – болашаққа тағзым
https://www.facebook.com/share/r/1BwhHTWT4y/
