Жастардың психологиялық саулығы талқыланды
«Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында жастардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған кездесу өтті.
Жастардың психологиялық саулығы талқыланды
«Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында жастардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған кездесу өтті.
Кездесуді Әйелдер қанатының «Психологиялық қызмет институтының қызмет етуіне және дамуына жәрдемдесу» бағытының үйлестірушісі Гулбану Сейтжанова жүргізді. Іс-шараға 30-астам студент қатысып, жастар арасында жиі кездесетін стресс, мазасыздық, эмоционалдық шаршау, әлеуметтік қысым және болашаққа алаңдаушылық мәселелері талқыланды.
Кездесуге арнайы шақырылған Ұлытау облысы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Раиса Қаржасова, «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының халықаралық ынтымақтастық және үздік тәжірибелер бағытының үйлестірушісі Раушан Қапарова және «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Әйелдер қанатының мүшесі Айнаш Жаналина жастардың психологиялық жағдайына әсер ететін факторларға тоқталып, қиын жағдайдан шығудың тиімді әрі қолжетімді жолдары туралы пікір алмасты.
Кездесудің интерактивті бөлігінде студенттер бес топқа бөлініп, күнделікті өмірде кездесуі мүмкін түрлі ситуацияларды талқылады. Атап айтқанда, оқу тапсырмаларының көптігі, жаңа ортаға бейімделу, үйді сағыну және топтық чаттағы жағымсыз жағдайлар бойынша өз шешімдерін ұсынды.
«Жалпы Ұлытау облысында 15-35 жас аралығындағы 60364 жас бар. Облыста жастар ресурстық орталығы, жастардың IT жобаларын қолдау орталығы, сондай-ақ, жастармен жұмыс істейтін «Жастар Рухы», «Жаңа адамдар», «Дала қырандары» қоғамдық бірлестіктері бар. Кездесуде жастардың психологиялық саулығы тек жеке адамның мәселесі емес, қоғам үшін де маңызды құндылық екені айтылды. Оларды мәселемен жеке қалдырмау, дер кезінде көмек беру біздің басты міндетіміз»,-деп атап өтті Гүлбану Сейтжанова.
#әйелдерқанаты
#әділетпартиясы
https://www.facebook.com/share/1ZhALuWorK/?mibextid=wwXIfr





