Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 14 сентября, 2026 область Жетісу

Жетісуда «Әділет» партиясы Отбасы күніне орай игі бастама көтерді

Жетісуда «Әділет» партиясы Отбасы күніне орай игі бастама көтерді

Жетісуда «Әділет» партиясы Отбасы күніне орай игі бастама көтерді

Жетісу облысында 11 қыркүйек – Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалы мен Әйелдер қанаты бірлесіп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға арнайы барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Игі шараға «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Амангелді Есбай, Жетісу облысы бойынша Әйелдер қанатының төрайымы Гүлниса Досанқызы және Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында отбасының қоғамдағы маңызы, бала тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері сөз болды. Партия өкілдері әр шаңыраққа береке-бірлік, амандық пен молшылық тіледі.

«Отбасы – қоғамның берік негізі. Әрбір отбасының қуанышы мен қиыншылығына бейжай қарамай, қолдау көрсету – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы өзара қамқорлық пен жанашырлықты арттыра түсеміз», – деді «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Амангелді Есбай.

Айта кету керек, игі бастама аясында өңір бойынша 40 отбасы қамтылды. Олардың қатарында тұрмыстық жағдайы төмен және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар, аз қамтылған көпбалалы отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар бар.

«Әділет» партиясы алдағы уақытта да әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қолдау көрсетіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған қайырымды бастамаларды жалғастыра бермек.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 сентября, 2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Бүгін Талдықорған қаласында «Әділе...

3 сентября, 2026

«Мектепке нық қадаммен!»

Жетісу облысында «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен!» қайырым...

8 июня, 2026

В Университете Абая запущена новая программа EMBA по развитию женского лидерства

В Казахском национальном педагогическом университете имени Абая запущена новая образовательная инициатива, нап...

23 января, 2026

«Таңшолпан»: в Костанайской области начался новый этап развития женского политического лидерства

После теоретической части участницы перешли к практическим занятиям и приняли участие в дебатных сессиях. Разд...